Жас балуандар ел чемпионатында екінші орын алды

24–28 ақпан күндері Нұр-Сұлтан қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қазақ күресінен 2006–2007 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл туралы Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлайды.

Кенжебек Күзембаев бастаған Атырау облысының спортшылары 2 алтын және 1 қола медальмен жалпы командалық есепте екінші орын алды.

Жарыстың соңғы күні 38 келіде Дәулетбай Азамат алтын жүлдеге ие болса, 42 келіде Жакиев Құрмет үздік үштікті түйіндеді.

Айта кету керек, жарыстың алғашқы күні 70 келіде Сапарғали Олжас чемпион атанған.