Медициналық мекемелер ғимаратының 60%-ы тозған

Қазақстандағы медициналық мекемелер ғимараттарының тозу деңгейі шамамен 60%-ды көрсетті. Бүл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

– Денсаулық сақтауға жеке инвестициялардың үлесі 40,3%, медициналық ұйымдардың медициналық жабдықтармен жабдықталуы 77%, ал медициналық ұйымдар ғимараттарының тозу деңгейі 55,2% бен 58,2%-ды көрсетті, — делінген хабарламада.

Аймақтарда медициналық көмектің қол жетімділігін арттыру мақсатында ауылдық жерлерде 137 фельдшерлік-акушерлік, медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулатория ашу жоспарлануда.