Қызылқоғада «Тарих және рухани сабақтастық» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Қызылқоға ауданында Халел Досмхамедұлының туғанына 140 жыл, Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл, Мұрат Мөңкеұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Тарих және рухани сабақтастық» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысын аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев ашып, жүргізіп отырды, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.

Оған Аманқос Мектеп-тегі, Орынай Жұбай, Абай Дүйсенбаев, Ғарифолла Әнес, Шахман Нағымов, Төлеген Жаңабайұлы, Сайпулла Сапанов, Ғабит Базарғалиев, Алтай Тайжанов секілді профессор-ғалымдар қатысып, зерттеу-ғылыми еңбектерін баяндады.

– Бүгінгі ғылыми-практикалық конференция халқының осы асыл арманын өмірлерінің өзегі тұтқан, есімдері алты Алашқа әйгілі үш тұлғаға арналып отыр. Елінің азаттығын аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғаған атақты зар заман ақыны Мұрат Мөңкеұлы мен Алаш қозғалысының қайраткері, білікті дәрігер, ғұлама ғалым Халел Досмұхамедов, жырау, күйші, композитор Махамбет Өтемісұлы мұраларын танып, насихаттау, есімдерін ел жадында мәңгілік қалдыру баршамызға парыз. Осы орайда, есімдері әйгілі тұлғалардың туған жерлеріндегі республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушыларға аудан халқы атынан алғысымды білдіремін, – деді аудан әкімі Қанат Әзмұханов.

Конференция жұмысын бастамас бұрын аудан әкімі Қанат Әзмұханов аудандық мәслихат төрағасы Толқын Бейсқали аудандық мәслихаттың шешімімен Қызылқоға ауданының құрметті азаматын Жұмабай Құлиевқа табыстады.

Конференция кезінде Халел Досмұхмедұлы мен Мұрат Мөңкеұлыны, Махамбет Өтемісұлының өскелең ұрпаққа қалған мол мұрасына жүргізген ғылыми зерттеу жұмыстарын көпшілікке таныстырып құнды дүниелер айтылды.

Баяндамашылардың қорытынды сөзінен кейін Халел, Мұрат, Махамбетке ескерткіштер орнату, ұлыларымызды ұлықтау үшін есімдерін әлеуметтік ғимараттарға беру, Халел энциклопедиясын ұйымдастыруды қолға алу, Халел мен Жанша ескерткіштерін орнату, Махамбеттің тілдік мәдениетін зерттеу, сармад қорымын зерттеу, Х.Досмұхамедов атындағы төсбелгі шығару, Рабиға Сыздықова атына үлкен конференция мен ескерткіш орнату секілді ұсыныстарын жеткізіп, қаулы қабылданды.

А.Ардаққызы