Күзгі егін жинау науқаны толық аяқталуға жақын
Атырау облысы бойынша егістіктің жалпы көлемі 10 291 гектарды болады. Оның ішінде, 2 980 гектарға көкөніс, 1 364 гектарға бақша, 1 930 гектарға картоп, 4 016,5 гектарға малға арналған дақылдар егілген еді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Салауат Өтеғұлов мәлім етті, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан ақпаратқа сүйеніп.
– Су үнемдеу технологияларымен өсірілетін егістік алқаптары көлемдері 5 320 гектарға дейін ұлғайтылды. Оның ішінде, тамшылатып суару технологиясы арқылы 3 323 гектар және жаңбырлатып суару тәсілімен 1997 гектар алқап бар. Егілген егістен 29 066 тонна картоп, 97 421 тонна көкөніс, 46 111 тонна бақша, 22 358 тонна мал азықтық дақылдары алынды. Қазіргі таңда 98,9% егіс көлемі жиналды, – деді С.Өтеғұлов.
Оның айтуынша, көктемгі дала жұмыстарына мемлекет тарапынан 800 тонна жеңілдетілген бағадағы дизель отыны бөлінген. Шаруалардың сұрауымен егін басына жеткізіп берген жағдайда 1 литрге 207 теңге, ал мұнай операторының базасынан өздері алған жағдайда 202 теңге бағасы ұсынылған.
Сонымен қатар, күзгі егін жинауға бөлінген 126 тонна дизель отынының да толық сатып алынып, шаруаларға жеткізілгеніні белгілі болды.