Атыраулықтар XIX жазғы Азия ойындарының жүлдегерін қарсы алды

Атыраулықтар Қытай елінің Ханчжоу қаласында өткен ХIХ жазғы Азия ойындарында Су добынан ерлер бәсекесінде Қазақстан құрамасы сапында қола жүлдені жеңіп алған жерлес спортшы Егор Белоусовты қарсы алды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Шараға Дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері, облыстық Су спорты түрлері клубы, спортшылар және БАҚ өкілдері қатысты.

-Дайындық Сербияда өтті, одан кейін Алматыда жалғасты. Мықты командалар өте көп болды. Барлығы біз ойлағаннан әлдеқайда күрделі болып шықты. Біз 1-орынға үміттендік, бірақ соңында 3-орынға ие болдық. Менің ойымша бұл да жаман нәтиже емес. Өзім бұл спортпен 11 жылдан бері айналысып келемін. Алда жүлделі орындар көп болатынына сенімдімін. Біз мұнымен тоқтамаймыз, әлі де мықты жаттығамыз,- деді Е.Белоусов.

Айта кетейік, Су добынан ерлер арасындағы Қазақстан құрамасының Иранмен 3-орын үшін өткен бәсекесі оңайға соқпады. Тартысқа толы ойынның негізгі уақыты 7:7 есебімен аяқталып, буллит сериясында 3:2 ұпаймен жерлестеріміздің мерейі үстем болды.

 

Дереккөз: БАТЫС.ИНФО

Фото: Спортты дамыту дирекциясы