Қ.Шарлапаев: Атыраудағы 6 денсаулық сақтау нысаны жылыту маусымына дайын емес

Үкімет отырысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындығы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды «Батыс-Инфо» ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

«Бірінші қыркүйекке дейінгі мерзімде білім нысандары жылыту маусымына толық дайын болуы қажет еді. Әкімдіктер ұсынған ақпарат бойынша, бүгінгі таңда білім ғимараттарының дайындығы 99,6% болып тұр. Сегіз өңірде 42 объект бойынша әлі де жұмыс жүріп жатыр. Оның ішінде 24 нысан бойынша күрделі жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр. Қалған нысандар бойынша жылу жүйесінде жөндеу жұмыстары аяқталмаған», — деді министр.

Ал денсаулық сақтау нысандары бойынша дайындық — 98,9%.

«Тоғыз өңірде 62 нысан бойынша дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Дайын емес мекемелердің ең көбі — Абай (28), Ақтөбе (12), Атырау (6) облыстарында», — деді Қанат Шарлапаев.

 

Фото egemen.kz сайтынан алынған.