1-сыныпқа баратын балалардың 71 пайызы қазақ мектебін таңдаған
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің орта білім комитеті 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 1 тамызында аяқталатынын ескертті, деп хабарлады Batys.info Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Өтініш беріп үлгермегендер құжаттарды Еgov.kz электронды үкімет веб-порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыра алады.
Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Сондай-ақ, денсаулық жағдайы туралы құжаттар (026/у-3 нысаны және 065/у) және 3х4 өлшемді 2 фотосурет қоса беріледі.
Айта кетейік, құжаттарды қабылдау 1 сәуірден басталды. 4 айда 350 453 өтініш түсті, бірінші сыныпқа қабылданған балалардың 71,2%-ы қазақ тілінде оқытатын мектептерді таңдаған.
Алдын ала болжам бойынша, жаңа оқу жылында 410 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады деп күтіліп отыр.