Атырау облысының 250 мың тұрғыны COVID-19 вакцинасының бірінші компонентімен егілді
Өңірде халықты COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
28 қараша бойынша, Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентін 115 жергілікті тұрғын алды.
2021 жылғы 1 ақпан мен 28 қараша аралығындағы кезеңде барлығы 249 500 адам COVID-19ға қарсы вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 228 906 жергілікті тұрғын алды.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады:
98 — 02 — 92