Covid-19: 13 науқастың жағдайы ауыр
1 пациент ӨЖЖ аппаратына қосылған деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда инфекциялық стационарларда 120 адам ем қабылдауда. Жүктеме 20,8 % құрайды (580 төсек-орынға).
Реанимация бөлімшелерінде 12 пациент жатыр, олардың 1 ӨЖЖ аппаратына қосылған. Мұндағы жүктеме 24,4%-ға (58 орынға) жетіп отыр.