Мәдениет - 16.04.2021

Ақын Есенғали Раушанов өмірден өтті

Бүгін қазақтың көрнекті ақыны Есенғали Раушанов дүниеден озды.
Есенғали Раушанов 1957 жылы 5 қазанда Қарақалпақстанда дүниеге келген. «Жалын» және «Арай» журналдарында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, «Білім және еңбек» журналының бас редакторы, «Жазушы» баспасының директоры қызметін атқарды. «Бастау», «Келінтөбе», «Шолпан жұлдыз туғанша», «Ғайша бибі», «Қара бауыр қасқалдақ», «Бозаңға біткен бозжусан», «Құстар – біздің досымыз» жыр жинақтарының авторы.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері.