Мұзға батқан жеңіл көлік шығарылды
Атырауда тағы бір жеңіл көлік Жайық өзеніне батып кетті.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 17 наурыз күні Алмалы ауылының тұсында болған.
– Кешкі мезгілде «ВАЗ 2115» маркалы көлігінің жүргізушісі Алмалы ауылының тұсынан Жайық өзені арқылы Бесікті елдімекеніне өтпек болған. Алайда өзен мұзы ойылып, көлік суға батып кеткен. Оқиға орнына жедел құтқару жасағының 7 сүңгуір құтқарушысы жетті. Олар 16 метр тереңдікке батқан көлікке арқанды бекітті. Содан соң су астындағы көлік жүк тиегіш трактормен жағаға шығарылды, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.