Махамбетте көлік мұзға батып кетті
Махамбет ауданы әкімдігінің хабарлауынша, 15 наурыз күні сағат 19:05 шамасында Махамбет ауылының «Өткел» тұсында ауыл тұрғыны «Нива Шевроле» автокөлігін басқара отырып, Жайық өзеніндегі мұзға батып кеткен. Қуанвшқа орай оқиға орнында қаза тапқандар жоқ.
– Бұл аудан көлемінде тіркеліп отырған екінші факт. Бұған дейін Жайық өзеніндегі мұзға 7 наурыз күні Жалғансай ауылының тұрғыны басқарған «Лада Гранта» автокөлігі түсіп кетіп шығарылған.
Алдағы уақытта, аудан басшылығының арнайы тапсырмасына сай тиісті осындай заңбұзушылықтарға жол берген тұлғаларға жауапкершілікке тарту шаралары қолданылатынын қайталап ескертеміз, – делінген әкімдік таратқан хабарламада.