Атырау – «жасыл» аймақта
26 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі коронавирусқа қатысты эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
Оған сәйкес, Атырау облысы «сары» аймақтан шығып, қайтадан «жасыл» аймаққа өтті.
Кеше өңірде 28 адамнан коронавирус инфекциясы анықталса, 56 науқас аталған дерттен сауығып шыққан.
Ал «сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары тұр.
Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.