Жол апатынан 6 адам көз жұмды
Батыс Қазақстан облысында Орал–Атырау тасжолында болған жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапты. Бұл туралы «Мой город» порталы хабарлайды.
Порталдың хабарлауынша, тағы бір адам түрлі жарақаттармен ауыл ауруханасына жеткізілген. Батыс Қазақстан облысының полициясы 22 ақпанда Орал–Атырау тасжолында, Тайпақ ауылының маңында жантүршігерлік апат болғанын атап өтті. Жолда «Toyota» мен «Lada» маркалы көліктері соқтығысқан.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат орнында алты адам қайтыс болған, тағы біреуі Тайпақ ауылындағы ауруханаға жеткізілді. Қазір оның жағдайы анықталып жатыр. Полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеуде. Қазір апатқа қатысты басқа мәліметтер тексерілуде.