Мәдениет және спорт вице-министрі ұсталды

Қазақстанның мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков ұсталды. Бұл туралы ҚазТАГ ақпараттық агенттігі хабарлады.

— Мұсайбековті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қызмектерлері ұстады. Ол қазір Алматыда тергеу амалдарына қатысып жатыр, — деді дүйсенбі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкері.

Мұсайбеков 2020 жылдың мамырынан бастап мәдениет және спорт министрлігі басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді. Оған дейін Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы болған.