Ауа райына байланысты бірнеше тасжол жабылды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қарлы боранға байланысты бірнеше бағыттағы жолда көлік қозғалысы тоқтатылды.

– Жол қауіпсіздігін сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының шешіміне сәйкес 22 ақпанда сағат 21:00-ден бастап республикалық Атырау–Орал бағытындағы жол жабылды. Сондай-ақ, Атырау–Доссор–Құлсары–Бейнеу және облыстық Атырау–Индер–Қарабау–Миялы–Сағыз тасжолындағы көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.