Былтыр Атырауда бизнеске 28 млрд. 600 млн. теңге несие берілген
Бұл 453 кәсіпкердің жобасы үшін берілген несие сомасы.
Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстар есебін беру кезінде айтқан.
– «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде 453 кәсіпкердің жобасы 28 млрд. 600 млн. теңгеге несиеленді. Сол арқылы 670 жаңа жұмыс орны ашылады, – деді аймақ басшысы.
Атап өту керек, пандемия ушыққан кезде 22 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілеріне салықтық жеңілдіктер берілді. 5 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі көмек алды.