Үшінші қабаттан секірмек болған азамат анықталды
Атырау облыстық ПД-ның хабарлауынша, 16 ақпан күні сағат 15:17 шамасында 102 операторына қала тұрғыны қоңырау шалған. Ол Алмагүл ықшамауданында орналасқан құрылыс нысанының 3-қабатында айқайлап тұрған белгісіз азамат туралы хабарлама беріп, оның мас күйде болып, құлап кетуі мүмкін екендігін айтқан.
Хабарламаны тексеру кезінде, учаскелік полиция инспекторлары үшінші қабаттағы азаматтың 39 жастағы Мақат ауданының тұрғыны екендігін анықтады.
Наркологиялық сараптама нәтижесі аталған азаматтың спирттік ішімдік ішпегендігін дәлелдеді.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер» әкімшілік хаттама толтырылды.
Жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданады.