Кеше 38 адамнан КВИ анықталды

Атырау облысында өткен тәулікте 38 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы расталғаны белгілі болды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 14-і Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 20 жұмысшы,  Қызылқоға, Мақат, Махамбет, Исатай аудандарынан 1 адамнан тіркелген.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 17 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.
Сондай-ақ, кеше өңірде коронавирус инфекциясынан 27 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 163 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда – 76, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда – 22, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 241 адам оқшауланып ем қабылдауда.
Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты  бүгін, сегізінші күн – Атырау облысы «жасыл аймақта».