Шөмішбай Сариев дүниеден озды
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариев 75 жасқа қараған шағында өмірмен қоштасты.
Бұл хабарды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі растады.
Шөмішбай Сариев 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш стансасында дүниеге келген.
«XX ғасырдың жиырмасыншы жылдардағы поэзиясы» атты монография жазған. Қазіргі уақытқа дейін М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болды.
«Ғашықтар жыры», «Бозжорға» атты авторлық бейнетаспасы жарық көрді. Г.Гулиа, О.Берггольц, И.Абашидзе, С.Викулов, А.Дементьев, Ф.Алиева, Р.Рождественский, М.Эминеску, т.б. ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған.
Алғашқы жыр жинағы 1974 жылы «Балдәурен» деген атпен жарық көрген. Содан бергі аралықта қазақ, орыс тілдерінде он бес шақты кітабы шықты.
1994 жылы «Жазушы» баспасынан таңдамалы өлеңдер томдығы, 1992 жылы «Сүйінші» деген атпен ән өлеңдері жеке жинақ боп басылған.
«Тарлан» сыйлығының иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.