Әлем - 15.02.2021

Қырғызстан президенті өзін-өзі оқшаулады

Ресейге сапарының алдында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өзін-өзі оқшаулап, үй карантинінде отыр. Бүл туралы zakon.kz хабарлайды.

Садыр Нұрғожоұлы жақында Ресейге баратын сапарына дайындалуда. Ол пандемия жағдайында эпидемиологиялық қауіпсіздікті сақтау мақсатында өзін-өзі оқшаулаған.
Сапардың нақты күні әлі белгісіз.

Қаңтардың соңында Жапаровтың Ресейге алғаш рет ресми сапармен баратындығы белгілі болды. Сапар барысында Ресей тарапымен табиғи газ бағасын төмендету мәселесін талқылау жоспарланған.

Алайда, алдында Жапаров өзінің президент ретіндегі алғашқы сапары Қазақстанға арналатынын мәлімдеген еді.