Атыраулық парадзюдошылар ел кубогінің жеңімпазы атанды
11–12 ақпан күндері Шымкент қаласында парадзюдодан Қазақстан Республикасының Кубогі өтті. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, атыраулық спортшылар айтулы додада 4 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль еншілеп, жалпы командалалық есепте бірінші орын алды.
60 келіде Сариев Ануар, 73 келіде Дәулет Теміржан, 81 келіде Смағұлұлы Ғалымжан және 90 келіде Аманжол Жанбота қарсылас шыдатпай, алтын жүлдеге ие болды. Тағы қос балуанымыз 100 келіде Өтепов Ерлан мен +70 келіде Зарина Байбатина ақтық сынға дейін жетіп, күміс медаль еншіледі. Қола жүлдені 81 келіде Әділбеков Абылай еншіледі.
Айта кету керек, қазіргі таңда 7 бірдей парадзюдошы – Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.