Атырауда тұман күтілуде

«Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес, 12 ақпан сағат 20:00-ге дейін Атырау облысының аумағында тұман күтілуде.
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
Тұман кезіндегі шақтық шаралары:
— ауа райының өзгеруімен және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалап отырыңыз;
— жаяу жүргіншілер белгіленген жерден ғана өтуі қажет;
— жүргізушілерге жолға шығуға тура келген жағдайда, тұман аумағында жылдамдықты бәсеңдетіңіз;
— жолдағы көрініс 2 метрден аспайтын болса, қозғалысты тоқтатуыңыз қажет;
— жолға шықпас бұрын қозғалысты аз жылдамдықпен ақырын бастаңыз;
— мектеп жанында, көпірде, көше қиылыстары мен бұрылыстарында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жылдамдықпен жүріңіз;
— сонымен қатар, автокөлікпен алыс жолға шығуды мүмкіндігінше шектеңіз.