Атырауда ауа сапасы нашарлайды

Қазгидромет» РМК еліміз қалаларындағы ауа сапасы туралы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің мәліметінше, 12 ақпан күні 6 қалада – Нұр-Сұлтан, Петропавл, Атырау, Қызылорда, Шымкент, Талдықорғанда ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық ахуалы қалыптасады. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.