Қызметкерлер ант қабылдады

Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Әділхан Байдосов Ішкі істер органына алғаш қабылданған қызметкерлерден ант қабылдады. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Салтанатты рәсім ҚР Мемлекеттік туын кіргізіп, әнұран айтумен ашылды. Жаңадан қабылданған әр қызметкер елге адал қызмет етуге ант етті.
Департамент бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ә.Байдосов  қызметкерлер жұмысына сәттілік тілесе, ІІО-ның ардагері Александр Иванович Дурманов өз кезегінде жас қызметкерлерге батасын берді.
Шара салтанатты шерумен аяқталды.