Махамбет Досмұхамбетов «Теңізшевройл» компаниясы басшысын қабылдады
Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлайды.
«Теңізшевройл» ЖШС басшысы Кевин Лайон Теңіз кенішіндегі эпидемиологиялық ахуал, жасалып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлары туралы баяндады.
Өз кезегінде өңір басшысы Теңіз кенішіндегі қауіпсіздік мәселесі басты назарда болуы керек екеніне тоқталды. Сондай-ақ, ол жергілікті мазмұнға айрықша көңіл бөлінуі қажеттігін атап өтті.