Зейнетақы қорындағы ақшасын алуға 104 мың адам өтініш берген

10 ақпандағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына уәкілетті операторлардан тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемін алуға 104 076 өтініш келіп түскен.

Оның ішінде 6 824 өтініш жұмысқа қабылданса, 32 870 өтініш заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбады.

Жалпы сомасы 349,6 млрд. теңгеге 64 382 өтініш орындалды, аталған сома уәкілетті операторларға аударылып, өтініш берушілердің арнайы шотына есептелді.

Төлемдердің орташа сомасы – шамамен 5,7 млн теңге.

Өтінімдердің қабылданбауының себептері:

1. Сомалар дұрыс көрсетілмеген, оның ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы артық көрсетілген.

2. Жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға сұраныс жасалатын сомалар дұрыс көрсетілмеген.

3. Салымшылар алуға болатын сома шегінде емес, зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын көрсетті.

4. Өтінімде өзекті емес сомалар көрсетілген, яғни салымшылар инвестициялық табыстың нарықтық ауытқуына байланысты зейнетақыЗей сомасындағы өзгерістерді ескермеген.

5. «БЖЗҚ» АҚ деректер базасында жеке зейнетақы шоттары және тиісінше зейнетақы жинақтары жоқ тұлғалардан да өтінімдер түскен.

6. Салымшылар қайталайтын өтінімдер берген.