Қазақстандық фристайлшы халықаралық турнирде алтын иеленді

2018 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Юлия Галышева америкалық Дир-Вэллиде фристайл-могулдан FIS Open халықаралық турнирінде алтын жеңді. Галышева 81,63 ұпаймен бірінші орынды иеленді. Бұл туралы Tengrinews.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Күмісті АҚШ өкілі Авиталь Кэрол (79,69) жеңді. Үздік үштікті оның отандасы Элизабет Лэмли (77,76) жапты. Қазақстандық Аяулым Амренова мен Анастасия Городко 15-ші және 41-ші орындарды иеленді.

Ал ерлерде подиумды АҚШ өкілдері бөлісті. Бірінші Джоэль Хедрик болды, содан кейін Коул Макдональд пен Алекс Льюис. Ал қазақстандық Павел Колмаков, Сергей Романов және Антон Бондарев сәйкесінше сегізінші, 15 және 20-шы болды.