Жеңіл жүрістілерге пәтер жалдаған әйел жауапкершілікке тартылды
4 ақпан күні сағат 02:52 шамасында Атырау қаласы, Уалиханов көшесінде орналасқан «Томирис» ықшамауданының тұрғыны көршілес жалдамалы пәтерде жеңіл жүрістегі қыздар адамдарды қабылдап, түнгі мезгілде тыныштықтарын бұзғаны жөнінде 102 операторына хабарлама берген.
Хабарлама бойынша №2 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторларымен тексеру жұмыстары жүргізіліп, аталған жалдамалы пәтерден жезөкшелікпен айналысатын Түркістан қаласының 2 әйел адамы анықталған. Оларға қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 437-бабымен «түнгі тыныштықты бұзу» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Ал, үйін жалға берген 1973 жылғы пәтер иесіне қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 450-бабымен «көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну» әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Және қысқартылған түрде 218 775 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар, пәтерді жалға беру дерегінің заңдылығын тексеру мақсатында, мәліметтер Атырау қаласының мемлекеттік кірістер басқармасына жолданады.