Кәсіпкерлер үшін жаңа қосымша әзірленуде
Жеке кәсіпкерлер үшін «E-Salyq Business» қосымшасы әзірленіп жатыр. ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтқан.
Министрдің айтуынша, халыққа арналған салық төлеудің ыңғайлы «Е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы әзірленді. Қосымша онлайн салық төлеуге, артық төлемді болдырмауға және тағы басқа да жеңілдіктерге мүмкіндік береді.
– Жеке кәсіпкерлер үшін «E-Salyq Business» қосымшасы әзірленуде. Жеке кәсіпкерлерді тіркеу мен жабуды, салық есептілігін ұсынуды оңайлату, сондай-ақ, комиссияны және фискалдық деректер операторларының қызметтеріне ақы төлеуді алып тастау қарастырылуда. Осы қосымшалар салық төлеуші растай алатын немесе түзете алатын есептілікті автоматты түрде қалыптастырады, – деді Ерұлан Жамаубаев.