Шетелдік көліктің шанақ нөмірі жалған болып шықты

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласында тұратын 1949 жылғы тұрғын арызданған.

– Оның арызында көрсетілгендей, қайтыс болған күйеуінің «Lexus LX» маркалы көлігін өз атына қайта ресімдегісі келген. Алайда полиция қызметкерлері көлік құжатын ресімдеу Қызылорда облысында 2013 жылы дәл осындай үлгідегі автокөліктің тіркелгенін анықтады. Сондай-ақ, автокөліктің шанақ және қозғалтқыш нөмірлері бірдей болып шықты.
Азаматшаның айтуынша, күйеуі бұл автокөлікті 2006 жылы Алматы қаласынан сенімхат арқылы сатып алып, тұрғылықты мекенжайы бойынша Атырау қаласында өз атына рәсімдеген. Қазір екінші автокөлік Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынына тиесілі екені белгілі болды, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.