Былтыр Қызылқоғада 160 тұрғынға жер телімі берілді
Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұл туралы өткен жылда атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев мәлімдеді.
– Жер кезегіндегі азаматтарға тұрғын үй салуға Миялы, Сағыз, Жасқайрат, Қоныстану ауылдарынан барлығы 683 жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу үшін жоба дайындалды. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен Миялы ауылының инфрақұрылымының құрылысына бастапқы қаражаты бөлінді.
Енді жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым Миялы (276 жер), Сағыз (225 жер), Жасқайрат (102 жер), Қоныстану (80 жер) ауылдарына жүргізіледі, – деді Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев.
Еске сала кетелік, өткен жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы 7 отбасы баспаналы болып, 4 отбасына тұрғын үй сертификаты табысталды. Және Қызылқоға ауданы орталығынан үш қатарлы 60 пәтерлік тұрғын үй жобасы жасақталды.