Мақат ауданында дәрі-дәрмек қоры жеткілікті
Облыста аудан әкімдерінің тұрғындар алдындағы есеп беру жиындары басталды.
Бүгін алғашқы болып Мақат ауданы әкімі Шәкір Кейкин өткен жыл қорытындысы туралы онлайн есеп беруде.
– Жалпы аудандық бас дәрігердің мәліметі бойынша, бүгінгі күнге дейін ауданда COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 314 жағдайы тіркеліп, оның 307-сі емделіп, бесеуі қайтыс болған. Ал 2 адам ем қабылдауда.
Бүгінгі таңда вирусқа қарсы күресуге дәрі-дәрмек қоры, дезинфекциялық құралдар мен антисептиктер, жеке қорғаныш құралдары жеткілікті. Қазіргі уақытта 63 оттегі беретін аппарат пен 12 өкпені жасанды тыныс алдыру (ИВЛ) аппараты алынды. Инфекцияның өршуін алдын алуға Мақат кентінен – 13, Доссор кентінен 12 орындық провизорлық стационар және Доссор кентінен 120 орындық карантиндік стационар дайын тұр. Мақат кентінде ПТР талдама сынамасын шұғыл тапсыру қызметін ұйымдастыру үшін «ОЛИМП» лабораториялық мекемесімен келісім-шарт аудандық ауруханамен ұйымдастырылған, – деп атап өтті Шәкір Кейкин.