Көшелерге жедел шақыру құрылғысы орнатылмақ
Еліміздегі қалалардың көшелеріне және қоғамдық орындарда «SOS түймешігі» жедел шақыру құрылғысы орнатылады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.
– Көшелерде және қоғамдық орындарда «SOS түймешегі» жедел шақыру құрылғысы қойылады. Түймешікті басқан кезде құқық бұзушылық туралы хабарлама жіберуге немесе көмек алу үшін полицияға жүгінуге болады, – деді ол ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.
Сонымен қатар ол биыл «102» мобильді қосымшасы іске қосылатынын айтты.
– Оның көмегімен де құқық бұзушылық туралы хабарлауға болады. Өтінім беру немесе жүгіну тек телефон байланысы арқылы ғана емес, сонымен бірге, месенджерлердің және әлеуметтік желілердің көмегімен жүзеге асырылады, – деді ол.