Мас әйелдер мейрамхана алдында төбелес шығарды

Атырау облыстық ПД-нің хабарлауынша, 23 қаңтар түнгі сағат 03:29 шамасында Азаттық көшесінде орналасқан «Vivaldi» ресто-барының алдында 32, 33 және 28 жастағы әйел өзара келісе алмай төбелес шығарған.
Олар сол күні «Vivaldi» ресто-барының ішінде көңіл көтеріп, ішімдік ішкен. Аталған азаматтарды патрульдік полиция қызметкерлері наркологиялық сараптамадан өткізді. Сараптама нәтижесі олардың жеңіл дәрежелі мас күйде болғандықтарын көрсетті.
Азаматтарға қатысты, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Ал сағат 20:00-ден кейін жұмысын жалғастырып, Атырау облысының бас санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы №1 қаулысын бұзып, карантин режимін сақтамаған «Vivaldi» ресто-барына қатысы жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау ушін Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасына жолданады.