Атыраулықтар – «Kundelik.kz»  электрондық журналының ең белсенді пайдаланушылары

Білім беру ұйымдарының күнделікті жұмысына цифрлық өнімдерді енгізу бойынша  жүйелі түрде жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Атырау облысы республика бойынша І орынға көтерілді. Бұл туралы Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

– Қыркүйек айында «Kundelik.kz»  электрондық журналын ең белсенді пайдаланушылардың республикалық рейтингінде Атырау облысы мектептері 15-орында болды. Бұл жоғары көрсеткіш – Атырау облысы Білім беру басқармасы мен облыстық Әдістемелік орталықтың үйлесімді қызметінің  көрінісі. Аймақтағы 184 білім беру ұйымында электрондық журналдардың сапалы және уақтылы толтырылуын үйлестірудің өзіндік қиындықтары бар екені сөзсіз. Педагогикалық қызметте уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретін қолданушылық шеберлік танытқан барша атыраулық ұстаздарға алғысымызды білдіреміз, – деді Атырау облыстық Әдістемелік орталығының директоры Данагүл Баймашова.

Айта кетсек, облыс бойынша 196 мектеп бар, соның 184-і «Kundelik.kz»  электрондық журналын пайдаланады. Калған 12 мектеп қағаз түріндегі  журнал толтырады.