Биыл Атырау — Доссор тасжолы ақылы болады

«ҚазАвтоЖол» басшысы Ұлан Әліпов 2024 жылдың аяғына қарай елдегі 11 мың шақырым жол, яғни республикалық маңызы бар тасэжолдың жартысы ақылы болатынын хабарлады.
Келесі жылдың мамырына дейін 5 800 шақырымы қолданысқа беріледі. Жаңа ақылы жолдарға шлагбаум қойылмайды. Оның орнына ашық төлем қабылдау жүйесі қолданылады. Ал жүргізушілер RFID таңбаларын сатып алуы қажет.

2021 жылы мына жол бөліктері ақылы болады:

Орал — Ресей шекарасы (Саратов);
Қапшағай — Талдықорған;
Тараз — Қайнар;
Қызылорда — Шымкент — Тараз;
Шымкент — Өзбекстан шекарасы;
Ресей шекарасы (Орынбор) — Ақтөбе — Қызылорда;
Ақтөбе — Орал — Ресей шекарасы (Самара);
Павлодар — Ресей шекарасы (Омбы);
Нұр-Сұлтан — Қостанай — Ресей шекарасы (Троицк);
Ақтау — Бейнеу;
Атырау — Доссор — Бейнеу — Ақжігіт — Өзбекстан шекарасы;
Нұр-Сұлтан — Павлодар;
Павлодар — Семей — Қалбатау.

2022 жылы:

Петропавл — Ресей шекарасы (Курган);
Теміртау — Қарағанды (Қарағанды айналма жолы);
Щучинск — Зеренді;
Таскескен — Бақты;
Жетібай — Жаңаөзен.

2023 жылы:

Күрті — Бурылбайтал;
Үшарал — Достық;
Қарабұтақ — Рудный — Қостанай;
Ұзынағаш — Отар.

2024 жылы:

Қарағанды — Балқаш;
Балқаш — Бурылбайтал;
Күрті — Қапшағай;
Талдықорған — Өскемен;
Қалбатау — Майқапшағай;
Меркі — Бурылбайтал;
Атырау — Орал;
Ақтөбе — Қандыағаш — Мақат — Доссор;
Атырау — Ресей шекарасы (Астрахань);
Подстепное — Фёдоровка — Ресей шекарасы.