Карантин талаптырын бұзған нысандар анықталды

Атырау облыстық ПД-ның мәліметінше, 22 қаңтар сағат 21:30 шамасында Авангард-3 ықшамауданында орналасқан «Хачапури» мейрамханасы сағат 20:00-ден кейін жұмыс істеген. Аталған  мейрамхана ішінде шамамен 50-ге жуық адам болған.
Одан басқа, сол күні сағат 23:00 шамасында Х.Досмұхамбетов көшесінде орналасқан «Иверия» азық-түлік дүкені сағат 22:00-ден кейін жұмысын жалғастырып, карантин талаптарын бұзған.
Анықталған деректерге қатысты жинақталған іс-құжаттар Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасына жолданатын болады.
Айта кетсек, Атырау облыстық бас санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы №1 қаулысына сәйкес, қоғамдық тамақтану орындары сағат 20:00 дейін, ал азық-түлік дүкендеріне сағат 22:00 дейін ғана жұмысын жалғастыруға рұқсат етілген.