Мұз үстінде көлікпен жүргендер ұсталды
Атырауда полиция қызметкерлері көлікпен мұз үстіне шыққан 4 жүргізушіні анықтады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атырау қаласы аумағында Жайық өзенінің бетіне мұз қатып тұрғалы, қауіпсіздік шараларын сақтамай, мұз үстімен автокөлікті жүргізгені үшін 4 жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабымен «Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзғаны үшін» әкімшілік хаттамалар жасақталып, ескертулер берілді.
Мысалы, 10 қаңтар күні сағат 15:40 шамасында Атырау қаласы Полиция басқарасының Жедел басқару орталығының бейнекамера испекторларымен Жұмыскер поселкесіндегі көпір тұсынан 36 жастағы азаматтың басқаруындағы «Лада Гранта» маркалы автокөлігі мұз үстімен жүргендігі анықталды. Жүргізушіге әкімшілік хаттама жасақталып, ескерту берілді.