Заңсыз отшашу сатқан 3 азамат ұсталды
Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтің бұйрығымен 15 желтоқсаннан бастап пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатуды анықтауға бағытталған «Пиротехника» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Шара барысында Атырауда заңсыз отшашу сатумен айналысқан 3 тұлға анықталды.
22 желтоқсан күні сағат 12:30 шамасында Махамбет көшесінде орналасқан М.Өтемісұлы атындағы драма театрдың алдында 1971 жылғы әйелдің жаңа жылдық отшашу сатқаны анықталды.
Сондай-ақ, 25 желтоқсан күні сағат 22:50 шамасында Атырау қаласы, Еркінқала ықшамауданы, Түсіпқалиев көшесінің бойында жаңа жылдық отшашу сатқан және оны Whats Арp желісінде жарнамалаған 30 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Және сол күні СМП-136 ықшамауданында орналасқан «Раш» сауда орталығының алдында жаңа жылдық отшашу сатқан 1997 жылғы азамат анықталды.
Осы үш факті бойынша аталған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабымен әкімшілік хаттама жасақталып,
әрқайсысына 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Естеріңізге сала кетсек, пиротехникалық бұйымдарды барлық қауіпсіздік талаптары сәйкес және міндетті сертификаты болған жағдайда ғана сатуға болады.
«Пиротехника» жедел-алдын алу іс-шарасы 7 қаңтарға дейін жалғасады.