Облыста қылмыс деңгейі төмендеуде
Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаменті хабарлады. Пандемиялық жағдайға байланысты, жалпы еліміздегідей, біздің өңірде де қылмыс саны төмендеген.
Мәселен, облыс аумағында жүргізілген жедел және профилактикалық шаралар нәтижесінде жалпы қылмыстық құқық бұзушылық деңгейі 5 797-ден 3 985-ке, оның ішінде қылмыс – 33,6%-ға азайды. Сондай-ақ, орта және аз дәрежелі қылмыстар саны 4 384-тен 2 203-ке дейін азайған.
Қылмыстардың басым бөлігін ұрлық – 34,8% және алаяқтық – 27,3% көрсетеді.