Есірткі сататын 38 сайт бұғатталды

Заманауи технологиялардың дамуымен, қылмыскерлер өз әрекеттеріне өзгелерді тарту үшін интернет желілерін және басқа да байланыссыз мүмкіндіктерді белсенді түрде қолданануда.
– Мысалы, соңғы жылдары психобелсенді заттар мен синтетикалық есірткілерді интернет-сайттар және Qiwi-кошелектер арқылы өткізу үрдісі байқалады. Қылмыстың осы түрінің жолын кесу  мақсатында, есірткі сатушылар қолданған 38 сайт бұғатталды, – деді Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрхат Оразбаев.
Жалпы жыл басынан Атырау облысында 120 есірткі қылмысы тіркеліп, заңсыз айналымнан
22 келіден астам есірткі заттары тәркіленді.