Кеше өңірде 62 адамнан КВИ анықталды

Атырау облысында өткен тәулікте 62  адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 12-сі Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен скринингтік тексеріс кезінде  32 жұмысшы, Жылыойдан – 3, Қызылқоғадан – 1, Индерден – 5, Исатайдан – 1, Махамбеттен – 2, Мақаттан – 1, Құрманғазы ауданынан 5 адам тіркелген.
Олардың 27-інде ауру симптомды түрде өтуде.
Соңғы мәліметке сәйкес, кеше коронавирус инфекциясынан 19 адам емделіп шыққан.