Ксенон қондырған 350 көлік анықталды
Атырау облыстық полиция департаменті бастығы Қамза Үмбетқалиевтың тапсырмасымен, көлік апаттарының алдын-алу мақсатында жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Патрульдік полицейлермен көліктерінің жарық фарларын өз беттерімен ксенон, лэд қондырғыларымен алмастырып алған жүргізушілер тоқтатылып, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Ал ескертулерді елемеген жүргізушілерге қатысты әкімшілік шара қолданылуда.
Вокзал маңында ксенон жарығымен жабдықталған «Ваз 21144» автокөлігі тоқтатылып, 26 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабы 5-бөлімімен 13 890 көлемінде айыппұл салынды.
Айта кетсек, жыл басынан бері Атырау қаласында патрульдік полицейлер көліктеріне ксенон шамдарын заңсыз қондырған 350 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартқан.