КВИ-ның өткен тәуліктегі ақпараттары жарияланды

Өткен тәулікте Атырау облысында 59 адам коронавирус жүқтырса, 83 науқас емделіп шыққан. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Дертке шалдыққан науқастардың 19-ында ауру симптомды түрде өтуде.
Сovid-19 жұқтырған 59 адамның 12-сі  Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 31 жұмысшы,  Жылыой – 4, Қызылқоға – 3, Индер – 4, Құрманғазы ауданынан 5 адам тіркелді.

Қазіргі уақытта 220 адам үй жағдайында емделуде. Ал облыстық инфекциялық стационарда 102 науқас, ал аудандағы инфекциялық стационарда – 18,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 400  адам ем қабылдауда.
Айта кетейік, облыс бойынша жасақталған 1 225 орындық инфекциялық стационардың 520-ында науқастар ем алуда.