Студенттік билеттер электронды форматқа ауыстырылды

ҚР БҒМ-ның хабарлауынша, құжат «eGov» сайтында және «eGov mobile» мобильдік қосымшасында қолжетімді.

Жеке электрондық құжаттарды сақтау бойынша «Цифрлық құжаттар» сервисі «eGov mobile» қосымшасының басты бетінде орналастырылған. Студенттің электронды студенттік билеті осы сервистің ішінде қолжетімді. Қосымшада ЭЦҚ немесе бір реттік құпия сөз арқылы авторизациядан өту қажет.

— Барлық жоғары оқу орындары мен колледждер қағаз түріндегі студенттік билеттерге қыруар қаражат жұмсайды. Орташа есеппен әрбір студенттік билет 1000—1200 теңге тұрады. Студенттік жеңілдіктерді пайдалану барысында қағаз құжаттардың шынайылығын растау қиындық тудырып жататыны белгілі. Ал «eGov mobile» қосымшасында құжаттың шынайылығын электрондық үкімет растайды. Сондықтан студенттік билеттерді сандық форматқа ауыстыру тек ақша үнемдеп қана қоймай, сонымен қатар, студент мәртебесін растау кезінде ыңғайлы болып табылады, — деді Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари.