КВИ: жұқтырғандар – 49, жазылғандар – 41
Атырау облысында өткен тәулікте 49 адамнан коронавирус індеті анықталды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 12-сі Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 32 жұмысшы, Жылыой ауданынан – 4, Құрманғазы ауданынан 1 адам тіркелген.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 20-ында ауру симптомды түрде өтуде.
Сондай-ақ, кеше өңірде коронавирус инфекциясынан 41 адам емделіп шықты.