Кеше аймақта 34 адамнан Covid-19 анықталды
Өткен тәулікте Атырау облысында 34 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды.
Оның ішінде 10 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.
Қауіпті дертке шалдыққандардың 20-сы – Теңіз кенішінің жұмысшылары,
9-ы Атырау қаласынан болса, Жылыой ауданынан 2, Құрманғазы ауданынан 3 адам тіркелді.
Кеше бұл дерттен емделіп шыққандар тіркелмеді.
Қазіргі уақытта 174 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда 42
аудандағы инфекциялық стационарларда 8, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 188 науқас ем қабылдауда.
Өңірде коронавирус инфекциясымен ауырғандар саны 11 905 болса, жазылып шыққандар – 11 407. Ал көз жұмғандар саны 86-ға жеткен.