Жаңалықтар - 09.12.2020

Эверест шыңы тағы биіктеді

Әлемдегі ең биік шың Эверест тағы 90 сантиметре биіктеді. Бұл туралы central.org сайты хабарлады.
Жаңа өлшемді Непал мен Қытай мәлімдеген. Енді оның биіктігі – 8 848 метр 86 сантиметр.
1950 жылы Үндістан жүргізген өлшемге сәйкес осыған дейін Эверестің биіктігі 8 848 метр делініп келді.
Эверес биіктігін соңғы рет өлшеу бірнеше жылдарға созылған. Геологтардың сөзінше, таудың биіктігі жер сілкінісінен және тектоникалық тастар ығыстырылғаннан өзгеріп отырады.