Өңірде 21 мектеп штаттық режимде жұмыс істеуде
Атырау облысы білім беру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, штаттық режимдегі мектептерде аймақ бойынша 1 295 оқушы білім алуда.
Соның бірі – Қызылқоға ауданына қарасты Кенбай елдімекеніндегі Тасым Жанұзақов атындағы бастауыш мектеп. Мұнда оқушылар екі ауысымда білім алып жатыр.
Мектеп меңгерушісі Жұмазия Келдібаеваның айтуынша, мектепте 16 оқушы білім алады. Түске дейін екі сынып және мектеп алды даярлық тобы оқиды. Мұнда бірінші сыныпта – үш оқушы, екінші сыныпта бес оқушы бар. Мектеп алды даярлық тобында 3 бүлдіршін білім алып жатыр. Түстен кейін үшінші, төртінші сыныптарда барлығы сегіз бала оқиды екен.⠀
Жиырма шақты үй тұратын Кенбай ауылындағы мектепте 8 мұғалім жұмыс істейді. Шағын болғанына қарамастан, мектеп мультимедиялық тақта және компьютерлермен жабдықталған. Кең жолақты интернет желісіне қосылған мектепте ауыл балалары үшін информатикадан қосымша дәріс берілуде.
Штаттық режимдегі тағы бір мектеп Қызылқоға ауданына қарасты Жантерек елдімекенінде орналасқан. Жылдың басында ғана жаңа ғимаратқа көшкен мектепте 41 оқушы дәстүрлі форматта білім алып жатыр.
№75 бастауыш мектебінің меңгерушісі Гүлжауған Сұлтанованың айтуынша, мұнда барлығы 33 оқушы, мектепалды даярлық тобында бүлдіршін бар. 9 мұғалім қызмет ететін 60 орындық білім ордасы спорт зал, асханамен қамтамасыз етілген.
⠀
⠀Атырау облысында штаттық режимде жұмыс істеп жатқан 21 мектепте 3 111 мұғалім дәріс беруде.